Главная Новости Студенттер арасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Кім білгір?" интеллектуалдық ойыны өтті.
27 сәуір 2021                  318977
Студенттер арасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Кім білгір?" интеллектуалдық ойыны өтті.

ҚазИТУ колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай туризм саласы бойынша арнайы пәндер оқытушысы – Ш.Ж. Құмарханның ұйымдастыруымен студенттер арасында "Кім білгір?" интеллектуалдық сайысы өткізілді. Сайыс студенттерді болашақ мамандықтарына қызығушылықтарын арттыруға, ұтымды жауап айта білуге, сонымен қатар мемлекеттік емтихандарға дайындау мақсатында жүргізілді.

Сайыс ІІ командадан тұрды, әрбір команда 3 студенттен құралып, ІV кезең бойынша өткізілді:

І кезең: «Бұл қандай туризм объект?»

ІІ кезең: «Тұлғаны танимысың?»

ІІІ кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр»

ІV кезең: «Туристік-спорттық дайындық».

Жарыстың соңында әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріліп, әр команда 10 ұпайдан жинап, достық жеңіске жетті. Әділ қазылар алқасының мүшесі – директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары – О.М. Төленді командаларға әділ бағасын беріп, жеңімпаздарды марапаттады.