Главная Новости Сенатор Б.Т.Жұмағұлов ҚазИТУ-да қонақта!
06 мамыр 2021                  318921
Сенатор Б.Т.Жұмағұлов ҚазИТУ-да қонақта!

6- сәуір 2021 жыл Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Ұлттық Инженерлік Академиясының Президенті, академик, және мемлекет және қоғам қайраткері Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов және белгілі ғалым, химия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының академигі Каримов Надир Каримұлы қонақта болып, ҚазИТУ ұжымымен кездесті.

Кездесуге университет ректоры бастаған ұжым: оқу және ғылым, академиялық мәселелер жөніндегі проректорлар, құрылымдық бөлім басшылары, департамент директорлары, оқытушы-профессорлар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты. Кездесуді университет ректоры Г.А.Сарсенбекова кіріспе сөзімен ашып, құрылғанына 20 жыл толған университетіміз туралы қысқаша таныстырып, жеткен жетістіктері мен болашақ стартегиялық даму жоспары жайында түсінік берді.

Бақытжан Тұрсынұлы ҚазИТУ ұжымымен кезескеніне өз жылы ықыласын білдіре отырып өз сөзінде әр түрлі аймақтарда жасаған іс-сапар барысындағы өндіріс орындарында кәсіби мамандардың жұмыс істеуі, студенттердің өндіріс орындарындағы іс-тәжірибесі туралы баяндады. «Біз Қазақстанның әр түрлі аймақтарында іс-сапарда болып, түрлі өндіріс орындарында, зауыттар мен фабрикаларда, мектептер мен жоғарғы оқу орындарында болдық. Әр түрлі еліміздегі жетекші өндіріс орындарында болып, жұмыс барысымен, өндіріспен таныстық. Түйгеніміз еліміздегі өндірістік салада да маман тапшылығы байқалады. Кәсіпорындардың көпшілігінде инженерлерге сұраныс өте жоғары. Әсіресе, тамақ өнеркәсібі білікті мамандарды жиі іздейді екен. Машина құрастырушылар мен металлургтерге мұқтаж кәсіпорындар да жетерлік. Соған орай біздің студенттер оқуға, ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, техноло¬гияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдаланып, теориялық біліммен қатар өз мамандықтары бойынша ғылыммен айналысып, тәжірибелік білімдерін шыңдауы қажет. Еліміздегі жетекші ғылыми зерттеу институттарымен ынтымақтастық байланыста сапалы жұмыс жүргізу қажет. Өндіріс орындарына студенттер тәжірибеге жіберу арқылы кәсіби біліктіліктерін арттыру сіздер оқытатын білім беру бағдарламалары болашақта сұранысқа ие мамандарды даярлауда зор ықпал етеді. Сондықтан алда өндірістік-тәжірибе базасын ұлғайтып, студенттердің толық өз салалары жұмыспен қамтылуын басты назарға қою керек деп есептеймін»-деді Бақытжан Тұрсынұлы.

Сондай-ақ оқытушы-профессорлар құрамының сапалық құрамын арттырып, әрдайым қолдап отыру керектігін де атап өтті. Дуалды білім беру, халықаралық ынтымақтастық, ұлттық құндылықтар жөніндеде сөз қозғалып, сенатор өз тәжірбиесімен бөлісті.

Оқытушылар мен магистранттар студенттер тарапынан сенаторға сұрақтар қойылды. Сұрақтардың басым көпшілігі бүгінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелерге арналды. Өз кезегінде Бақытжан Тұрсынұлы сұрақтарда тұшымды жауап беріп өз көзқарасын білдірді.

Кездесу соңында «KazETU Life» атымен тұңғыш рет жарық көрген электронды журнал таныстырылып, қонақтар журнал жұмысына сәттілік тілеп,Нәдір Кәрімұлы өз батасын берді