Главная Новости ҰАҒБО басшылығының ҚазИТУ-ға ресми сапары
05 мамыр 2021                  318980
ҰАҒБО басшылығының ҚазИТУ-ға ресми сапары

2021 жылғы 30 сәуірде "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ (ҰАҒБО) ұжымы басшылығы басқарма төрайымы Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызының басшылығымен Қазақстан инженерлік-технологиялық университетіне ресми сапармен келді. Кездесуге университет басшылары, сондай - ақ "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" КЕАҚ өкілдері және ғылыми-зерттеу институттарының басшылары қатысты. Кездесу барысында ҰАҒБО басшылығы АӨК үшін мамандарды сапалы даярлау, оның ішінде зерттеулер жүргізу, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, кәсіптік практикадан өту, ҚазИТУ білім алушыларының ҰАҒБО еншілес ұйымдарының зерттеу орталықтары мен зертханаларында тағылымдамадан өтуі мақсатында бірлескен жұмыстарды талқылады.

Сондай-ақ, кездесу барысында қазіргі уақытта әзірленіп жатқан Агро-өндірістік кешенді дамытудың ұлттық жобасы, оның ішінде "білім беруді дамыту және білімді тарату"блогын өзектендіру туралы талқыланды.
Бүгінгі таңда ұлттық аграрлық ғылыми-зерттеу орталығы мен Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті арасында бірлескен қызмет туралы шарт жасалды. Шарт шеңберінде бірқатар маңызды бағыттар бойынша жедел іс-шаралар жоспары әзірленді: кадрлар даярлау, студенттерді ғылыми орталықтар мен зертханаларда тағылымдамадан өткізу, ғылыми жобаларға қатысу, қос дипломды білім беру, сондай-ақ сала мамандарымен ашық дәрістер өткізу.