Главная Новости Ұлы жеңіс күніне орай онлайн кездесу өтті
9 мамыр 2021                  318995
Ұлы жеңіс күніне орай онлайн кездесу өтті

ҚазИТУ колледжі студенттері 9-мамыр Ұлы жеңіс күніне орай «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» тақырыбында Ұлы Отан соғысы ардагерінің қызы Күлжан Әмбірейқызы Қасымбековамен онлайн кездесу өткізді.

Әкесі Зәкір Рысмендіұлы Рысмендиев 1921 жылы 1 шілдеде Алматы облысы Ұзынағаш селосында дүниеге келген.

«1943 жылы Невель қаласын азат етуде мина жарықшағымен ауыр жарақат алды. Осы ауыр жарақат әсерінен Ростов-Ярославский қаласындағы №1385 госпитальде емделіп, 6 айдан соң әскери қызметке жарамауына байланысты, 1944 жылы мамыр айында 2 топтағы мүгедек қатарында ауылға оралды. Ұлы Отан соғысының 2 топтағы мүгедегі бола тұра 1946 жылдан 1950 жылға дейін Алматы қаласы Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін оқып бітірген. 1950-1964 жылға дейін Ұзынағаш селосында Крупская атындағы орта мектепте тарих пәнінен сабақ берген. 1964-1971 жылға дейін Дегерес орта мектебінің директоры қызметін атқарды. Ол кісінің бейнесі әрбір ұстаз бен шәкірттерінің жадында мәңгі қалатынына сенімдімін,» - деп, өзінің әкесі туралы біршама ақпараттарымен бөлісіп, есіне алды. 

Кездесу барысында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, үлкен құрмет білдіріп, өз алғыстарын айтты. Сөз соңында Күлжан апа  батасын беріп, ұлтжанды және патриот болудың маңызды екендігін атап өтті.