Главная Новости «Ардуино микроконтроллері және оның түрлері» атты ашық сабақ өтті
14 мамыр 2021                  319010
«Ардуино микроконтроллері және оның түрлері» атты ашық сабақ өтті

ҚазИТУ колледжінің «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының 2-курс  студенттеріне арнайы пәндер оқытушысы Б.Ш.Данабеков заман талабына сай қолданылатын микроконтроллердің жұмыс істеу принципін түсіндіріп, қолдану аясын таныстыру мақсатында «Ардуино микроконтроллері және оның түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Студенттер сабақ барысында Arduino Uno көмегімен жоба ретінде бағдаршам құрылғысын жасап шықты. Құрылғыны жасау барысында студенттер резистор,  жарық диодын қосымша сымдар мен Ардуино Уно құрылғысын  Tinderkad платформасында прототипін жасады. Бағдарламалау ортасы С++ программасының негізінде кодталатынын меңгерді. Сабақ студенттерге толық түсіндіріліп соңында топ-топпен бөлісіп жаңа жобалар жасауға тапсырмалар берілді.

Робототехника дамыған елдер тізбегінде АҚШ, Германия, Ұлыбритания мемлекеттері де бар. Бұл елдердің де робот жасау ісіне қосқан үлестері мол. Ал аталмыш сала Қазақстанда енді қарқын алып келеді. Біздің студенттер елге пайдалы үлкен жобаларды жасап шығарады деген сенімдеміз!