Главная Новости «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 29 жыл» атты әскери-патриоттық іс-шара өтті
5 мамыр 2021                  318966
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 29 жыл» атты әскери-патриоттық іс-шара өтті

ҚазИТУ колледжінің алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысы Нунманов С.К. «Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштеріне  29 жыл» атты әскери-патриоттық іс-шара өткізді. Шара мақсаты: студенттерге Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылып отырған іс-шараға 1-курс студенттері қатысып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және заңнамалары туралы мағлұматтар берілді. Аталмыш шараға ҚазИТУ колледжінің директоры М.Х.Шалабаева және директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары О.М.Төленді қатысып, іс-шараны қорытындылады.

Қатысушы студенттерімізге алғыс білдіре отырып, Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштеріне  29 жыл толуымен құттықтаймыз!