15 мамыр - Халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.
Мереке қарсаңында ҚазИТУ колледжінің 1-курс студенттерінің арасында «15 мамыр - Халықаралық отбасы күні» атты челледж ұйымдастырылды. Әлеуметтік желілерге студенттер өздерінің отбасымен түскен фото суреттерін жүктеп, желі арқылы өздерінің жылы лебіздерін жолдады.
Жыл сайынғы дәстүрге айналған бұл мереке бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсететін күн. Тек атаулы күндері ғана емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз!