Главная Новости 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні
15 мамыр 2021                  318899
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

15 мамыр - Халықаралық   отбасы   күні.  Атаулы күн  1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.

Мереке қарсаңында ҚазИТУ колледжінің 1-курс студенттерінің арасында «15 мамыр - Халықаралық   отбасы   күні» атты челледж ұйымдастырылды. Әлеуметтік желілерге студенттер өздерінің отбасымен түскен фото суреттерін жүктеп, желі арқылы өздерінің жылы лебіздерін жолдады.

Жыл сайынғы дәстүрге айналған бұл мереке бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсететін күн. Тек атаулы күндері ғана емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз!