Главная Новости Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
28 мамыр 2021                  318930
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу

ҚазИТУ колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары М.М.Чаяхметова саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу қарсаңында 28.05.2021ж күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Т.Жүргенов – қазақ руханиятының көшбасшысы» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шараның мақсаты – Темірбек Қараұлы Жүргеновтың қазақ өнері, әдебиеті, мәдениетіне және білім саласына қосқан зор үлесін дәріптеу. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, рухани ұлттық мұрамыз бен құндылықтарымызды ұлықтау.

Жиынға ҚР Ұлттық мұражайының директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ү.Д.Мұңалбаева, Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қор төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері С.Ә.Аңсат, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, жүргеновтанушы-ғалым Б.С.Иманғалиев және басқалар қатысты.

Аталмыш шараның келер ұрпаққа берері де, үлгі болып қаларлық тұшымды пікірлері де көп болды.