Главная Новости Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау
28 апрель, 2017                  318720
Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің оқытушылары мектеп және колледж бітірушілеріне инженерлік және технологиялық мамандықтары жөнінде кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде жүргізіп келеді.

26 сәуір күні әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және жаратылыстану ғылымдар пәні кафедрасының оқытушылары Алматы Оқушылар сарайында «Оқушылар ата-аналары қауымдастығы» ұйымдастырған шараға қатысып, 400-ге жуық Бостандық аудандық мектеп оқушыларына, ата-аналарына буклеттер таратып, ҚазИТУ-да оқытылатын университет, колледж мамандықтарына байланысты қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді. Оқушыларды «ҰБТ-ға психологиялық дайындық және мамандық таңдауға дайынсыз ба?» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Оқушылар сауалнамаларды толтырды. Сауалнамаларды жүргізудің себебі, оқушылардың алға қойылған мақсаттарын және таңдаған мамандықтың иесі болуына бағыт-бағдар беру мақсатында жүргізілді. Жиналыстың тақырыбына сай оқушылар мамандықты таңдау барысында таңдау бойынша пәндерден балды көп жинау қажеттігі айтылды. Сонымен қатар оқушылардың таңдаған оқу орындары мен мамандықтары жайында сөз қозғалды. Оқытушылар ата-аналар мен оқушыларға мамандық таңдауда ақыл-кеңес беріп, өз мумкіндіктерін тиімді пайдалануына бағыт бағдар берді.