Главная Новости «My English Presentation-2021» атты байқау өтті
27 мамыр 2021                  318890
«My English Presentation-2021» атты байқау өтті

ҚазИТУ колледжінің 2-курс студенттері арасында «My English Presentation-2021» тақырыбында ағылшын тілі оқытушысы Нұрқасым Ж.Н. ұйымдастыруымен байқау өтті.

Байқау барысында студенттер өздері дайындаған презентацияларын қорғау арқылы ұпай жинады. Ең жоғарғы көрсеткіш 10 баллдық жүйені құрады. Әртүрлі мамандықта оқитын студенттер өз салаларына қатысты дайындаған жұмыстарын ұсынып, ағылшын тілінде таныстырып, тілді меңгеру деңгейлерін көрсетті.

2-курс «ТМКӨТжОҰ» мамандығының студенті Мұхаметжанова Ж. 10/7 ұпай жинап, 1-орынға ие болды. 2-орынды 10/6 ұпаймен 2-курс «ТМКӨТжОҰ» мамандығының студенті А.Тоқтарбай иеленді. 3-орынға 10/5 ұпаймен 2-курс «ТМКӨТжОҰ» мамандығының студенттері Ж.Амантаев және Р.Аитова ие болды.

Қатысып, белсенділік танытқан студенттерімізге алғыс білдіреміз!