Главная Новости «Алаштың ақтаңгері – Әлихан Бөкейханов» атты онлайн байқау өтті
25 мамыр 2025                  318931
«Алаштың ақтаңгері – Әлихан Бөкейханов» атты онлайн байқау өтті

Биыл қазақтың көрнекті мемлекет және коғам қайраткері, ғалым, публицист, Алаш партиясының көшбасшыларының бірі-Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толып отыр. Осыған орай ҚазИТУ колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы А.М.Исатай «Алаштың ақтаңгері – Әлихан Бөкейханов» тақырыбында онлайн байқау өткізді.

Ашық сабаққа 1-курс «Стандарттау, метрология және сертификаттау» тобының студенттері қатысып, Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы, отбасы, шығармашылығы сонымен қатар Алаш партиясының құрылуы туралы деректермен танысты. Сабақ барысында студенттер де белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өздерінің білетін мәліметтерімен бөлісті.

Қорытынды сөз колледждің орыс тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Р.С.Косоваға беріліп, сабақтың тақырыбы ашылғандығы және тың деректермен танысып, студенттердің белсенді болғандығы жайында айтылды. Байқауға қатысқан студенттер жоғарғы бағамен бағаланып, өз біліктіліктерін әрі қарай шыңдауға бағыт-бағдар алды.