Главная Новости «Зерде ҚазИТУ-2021» олимпиадасы қорытындыланды
11 июня 2021 год                  318906
«Зерде ҚазИТУ-2021» олимпиадасы қорытындыланды

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті еліміздің ертеңі болар жастарды қолдаудан тыс қалмақ емес. Оқу ордамыздың 20 жылдығы қарсаңында жас талапкерлерге болашақ мамандығын таңдауда, түрлі деңгейдегі грант пен жеңілдік беру арқылы қолдау көрсету мақсатындағы республикалық «ҚазИТУ-Зерде» пәндік олимпиадасының ұйымдастырылуы осыған дәлел.

Үйде отырып, ой - білімімен онлайн сайысып, ҚазИТУ -дан грант ұтып алуға мүмкіндік беретін мектеп бітіруші түлектеріне арналған «Зерде-ҚазИТУ» республикалық пәндік олимпиадасы осымен 5-жыл қатарынан өтіп отыр.

Олимпиадада әрбір оқушы өз таңдаған бағыты бойынша үздік нәтиже көрсеткен жағдайда университеттің грантына ие болады. Байқаудың мақсаты мен ережелерін кеңінен насихаттау барысында әр түрлі аймақтарда кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

Республикамыздың бірнеше аймағын қамтыған олимпиадаға 1000-нан астам талапкер қатысып өз білім деңгейлерін көрсетті. Сараптамға сәйкес осы жылы олимпиада қатысушылары арасында химия-биология және физика-математика пәндері бойынша таңдау басым болды. Пәндік олимпиада 2 тур бойынша өткізілді. 1-турда қатысушылар арнайы платформада таңдау пәндері бойынша 2-деңгейлі тест тапсырды. Тестілеу форматы 6 кластерде: физика, математика, география, химия, биология, ағылшын тілі пәндерінен болды. 2-тур онлайн сұхбаттасу түрінде арнайы сарапшылардың қатысуымен өтті.

Олимпиаданың шешуі турына ең үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар онлайн сұхбат барысында өздерінің білім деңгейін, өмірлік ойлау позициясын, болашақ мамандығына деген талпынысын, ораторлық қабілеттерін көрсетуге тырысты. Қатысушылардың арасында «Алтын белгі» иегерлері, түрлі халықаралық ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен оқу үздіктері болды. Талапкерлердің сапалық деңгейі сарапшыларды қуантты.

Жалпы қорытынды бойынша төмендегі талапкерлер ректорлық грантпен қатар 50%, 30%, 20% көлемінде жеңілдіктерге ие болды.

Арнайы марапаттау рәсіміне ҚазИТУ ректоры Г.Сарсенбекова қатысты. Гүлнар Әлібекқызы жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, талапкерлерді сертификаттармен марапаттады.

«Зерде ҚазИТУ-2021» республикалық пәндік олимпиадасының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті сіздері жаңа оқу жылында асыға күтеді.