Главная Новости Университет қызметкерлері екпе қабылдауда
16 маусым 2021                  318821
Университет қызметкерлері екпе қабылдауда

2021 жылғы 16 маусымда Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің қызметкерлері коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде екпе қабылдады. Аталмыш рәсімді унверситеттің медицниалық пунктінде «Асмед-2» емханасының дәрігерлері жүргізді. COVID – 19-ға қарсы екпе ретінде «Sputnik V», «Qaz-Vak», «Hayat Vax» екпелері қолданылды.

Адамдардың жаппай жиналуын болдырмау мақсатында қызметкерлерді екпе егу кестесі жасалды, сонымен қатар барлық қауіпсіздік шаралары сақталды. Оқытушы-профессорлар құрамы мен құрылымдық бөлім қызметкерлері ерікті түрде екпе қабылдауда.