Главная Новости Түркістанда жастар слеті өтті
22 маусым 2021                  318880
Түркістанда жастар слеті өтті

16-17 маусым 2021 жыл Түркістан қаласында Қазақстан студентер альянсы мен жоғарғы оқу орындарының жастар ұйымдар мүшелерінің көшбасшыларымен жастар слеті өтті. Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті атынан Жастар ұйымдары комитетінің төрағасы Тасымова Алуа слетке қатысып, киелі Түркістан жерінде болып қайтты.

Слет барысында Орталық Азия білім министрлерінің қатысуымен өткен форум өтті. Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық Азия кеңістігін құруды ұсынды, ал шетелдік серіктестер Асхат Аймағамбетовтің бастамасын қолдады.

Форум қорытындысы бойынша ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕ жоғары білім берудің біріңғай орталық Азия кеңістігі құрылды.