Главная Новости Мой выбор-КазИТУ!
30 июнь 2021                  318916
Мой выбор-КазИТУ!

Мен Мырзахан Сезім Мадиярқызы Жамбыл облысы, Қордай ауданы №4 Б. Бөлтірікова атындағы мектеп лицейінің 2021 жылғы түлегі, «Алтын белгі» иегерімін. Бүгінгі таңда таңдаған мамандығым “Биотехнология” саласы. Себебі, Биотехнология - болашақтың ғылымы. Биотехнология іргелі биологиялық білімдерді адамның практикалық қызметінде қолдануға және табиғи қорларымыздың жойылып кетпеуін сақтауға негізделген ғылым мен өндірістің жаңа саласы болып табылады. Болашақта осы саланың білгір маманы болып, ғылыми зерттеу институттарында, зертханаларда жұмыс атқарғым келеді. Осы мақсатымды іске асыру мақсатында мен осымен бесінші жыл ұйымдастырылған Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің «Зерде ҚазИТУ-2021» республикалық пәндік олимпиадасына қатысып, Ректорлық грантты ұтып алдым. Ұлттық біріңғай тестілеуден сәтті өтіп, ойланбастан ҚазИТУ-ға құжаттарымды өткіздім. ҚазИТУ мені алғаш күннен бастап жылы қарсы алды. Университетіммен танысу барысында өте ерекше сезімде болдым.

Болашақ оқу ордам, әсем таулардың баурайында, жасыл желекке оранған керемет ауданда орналасқан екен. Оқу корпустары мен «Студенттер үйі» заманауи үлгіде салынған. Алда өте қызықты да, көңілді студенттік шақтын күтіп тұрғаны сезілгендей болды. ҚазИТУ мен үшін жаңа жетістіктердің бастамасы, жарқын болашағымның кепілі болады деп сенемін. Менің таңдауым - ҚазИТУ!