Главная Новости Оқытушылар алғыс хатпен марапатталды
01 шілде 2021                  318879
Оқытушылар алғыс хатпен марапатталды

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде 2020-2021 оқу жылындағы қорытынды ғылыми кеңес мәжілісінде университеттің ғылыми-білім беру, әлеуметтік және қоғамдық өміріне белсенді араласып, білікті мамандарды даярлауда қосқан үлесі үшін төмендегі оқытушы-профессорлар құрамы алғыс хаттармен марапатталды:
1. «Әлеуметтік –гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы, қауымдастырылған профессор – Әбдісулейменова Раиса Шоғанбекқызы.
2. «Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының лекторы, қауымдастырылған профессор - Утегалиева Фазила Утегалиевна.
3. «Есептеу техникасы автоматтандыру және телекоммуникациялар» кафедрасының лекторлары - Айжанова Алия Елеубайқызы, Демеубаева Лаура Құрманғазықызы.
4. «Экономика және қаржы» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор – Тәтібеков Бауыржан Нұрланұлы.
5. «Технологиялық жабдықтар және стандарттау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Кененбай Гүлмира Серікбайқызы және лектор Каренеева Жазира Алпысбайқызы.
Жетістіктеріңізбен құттықтаймыз!