Главная Кафедры Biochemical engineering Новости кафедры Құтқарушы- мәртебесі биік мамандық
02 july 2021                  318926
Құтқарушы- мәртебесі биік мамандық

Құтқарушылар мамандығының мәртебесі қашанда биік. Өйткені олар адам өмірін құтқарумен айналысады. Су тасқыны, табиғи және техногенді өрттер, апаттар, тіпті қарапайым тұрмыстық мәселелерде ең біріншіден халық 112 нөмірін теріп, құтқарушылардың көмегін сұрайды. Бүгінгі күнде төтенше жағдайлар санының өсуіне байланысты аталған шара табиғи заңдылыққа айналуда. Қиындыққа қарамастан, олар зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, лаулаған оттың ортасына кіреді, қансыраған адамды құтқарып, қатыгез қыстың аязында қалғандарға қол ұштарын созады, судан құтқарады, және жоғалғандарды іздеуге күш салады. Бұл олардың күнделікті жасайтын ерліктері.

Алайда құтқарушылардың өздері бұл ауыр да абыройлы жұмыстарымен жар салып, мақтанбай, күнделікті жұмыс ретінде қарайды. . Құтқарушы болу үшін жүрек керек. Өйткені біздің жұмыста ауыр да көтересін, төбеден жіппен де секіріп түсесін, қанды да көресін, өлімді де көресін, алғашқы көмек те көрсетесін. Жазда ыстықта, қыста суықта суға түсуге де тура келеді. Сондықтан бұл жұмыс таза ер адамдардың жұмысы және оған ер мінезді адамдар ғана шыдай алады деп айтуға болады. Құтқарушы болу үшін арнайы талаптарға сай болып, қажетті заң талаптарын орындай білу қажет. Яғни, шыныққан денеден бөлек, оның жасы да маңызды. Құтқарушыларды жұмысқа аларда қойылатын негізгі талап, спортқа бейім, денелері шыныққан және жастары 25-тен аспаған болуы тиіс. Соның негізінде құтқарушылардың келешегі жарқын болады деген үміттемін.

Мен ешқашан құтқарушы боламын деп ойламадым. Спортпен айналысып, келешекте спортсмен болам деген үмітпен Алматы қаласы Каркен Ахметов атындағы Қазақстан Республикасының Олимпиада резервін дайындайтын мектеп интернатты татамдап, білімімді жетілдіру мақсатында электрик мамандығын иелендім.Бірақ бұл салаға мені өмірдің өзі әкелді және құтқарушылар қатарындағы әкемнің жолын басып өту үлгі болды.
Өз білімімді жетілдіру үшін бүгінгі күнде Алматы қаласындағы Қазақстан инженерлік-технологиялық университетіне оқуға түсіп, «Төтенше жағдай кезінде қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша білім алудамын. Аталған оқу орнының құтқарушыларды даярлауда үлесі зор. Жоғары білімді, тәжрибелі сабақ беруші мұғалімдер мамандық сырын ашып оқытып, келешекте жақсы маман болып жетілуге аянбай еңбек етуде. Оқу орнын аяқтап, офицер атағын алып, Қазақстан Республикасына аянбай еңбек етем деген ойдамын. Келешек жас ұрпақты құтқарушы мамандығын иеленуге шақырамын.

1- курс студенті,
Алматы қаласы № 12 Өр сөндіру бөлімінің құтқарушы-өрт сөнірушісі, азаматтық қорғаудың кіші сержанты Рамиль Маликжанов