Главная Новости Жаңа оқу жылының ұйымдастырылуы бойынша ректорлық сағат өтті
17 тамыз 2021                  318957
Жаңа оқу жылының ұйымдастырылуы бойынша ректорлық сағат өтті

16 тамыз 2021 жыл Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде ата-аналардың, студенттердің және университет басшылығы, құрылымдық бөлім басшылары, оқытушы-профессорлар құрамы мен эдвайзерлердің қатысуымен «Ректорлық сағат» өтті.
Ректорлық сағат тақырыбы 2021-2022 жаңа оқу жылының ұйымдастырылу барысы жайында болды.
Кездесуді ашқан университет ректоры Г.Сарсенбекова өз жаңа оқу барысының ұйымдастырылуы жайында өз баяндамасында айтып, университеттің материалдық техникалық базасы, академиялық дайындығы (педагогикалық жүктеме, кесте, оқу-әдістемелік материалдар, видеоконтент, силлабустар, электрондық ОӘК және т.б.) карантин талаптарын сақтай отырып студенттерді дәстүрлі түрде оқытуға дайын екендігін жеткізді. Университет білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін санитарлық-эпидемиологиялық және профилактикалық іс-шараларды күшейту бойынша шаралар қабылдады.
Жоғары оқу орнының дәстүрлі форматқа оралуына және оқу процесін оффлайн режимде іске қосу алғышарттарының бірі – Ashyq жүйесінің енгізілуімен қатар, университет қызметкерлері мен білім алушылардың, профессор-оқытушылар құрамының вакцинациялаудан толықтай өтуі шарт. ҚазИТУ-да «Ashyq» өткізу жүйесі жұмыс істейді, университет ішінде вакцинация жұмыстары белсенді жүргізілуде. Барлық білім алушылар оқу процесін ұйымдастыру, сақтық шараларын сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етіледі. Кездесу барысында ата-аналар мен студенттердің толасыз сұрақтарына жауап берілді. Басым көпшілік сұрақтар оқудың онлайн және оффлайн форматы, жатаханаға орналасу, екпе қабылдау сондай-ақ әскери кафедрада оқу жайында болды.
Студенттік жатақханаларға орналасу вакцинация төлқұжатының болуы ескеріледі. Жатаханаға өтінім тамыз айының 25-не дейін қабылданады. Жатаханаға орналастыру барысы арнайы құрылған комиссия шешімі бойынша студенттердің статустарымен әлеуметтік жағдайларына қарай, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып берілетін болады.
Алдағы уақытта барлық жаңа ақпараттар университеттің ресми сайтында және әлеуметтік парақшаларда жарияланады.