Главная Новости Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кураторлық сағат өтті
01 қыркүйек 2021                  318853
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кураторлық сағат өтті

Биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың беделді қатысушысы ретіндегі жас ел тарихының жаңа беттері басталды. Қоғамдағы бейбітшілік пен келісім мемлекеттік органдардың белсенді және үйлесімді жұмысына, азаматтардың шығармашылық қызметіне негізделген заманауи қазақстандық шындықтың басты өзегі болып табылады.

Осыған орай ҚазИТУ колледжінде «Тәуелсіздікке 30 жыл» тақырыбында кураторлық сағат өтті.  Әр топ ZOOM платформасында онлайн түрде қатысып, 1-курс студенттеріне куратормен, топпен танысу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, студенттер колледж басшылығы мен колледж ережелерімен таныс болды.