Главная Новости Жалпықазақстандық ашық диктант
03 қыркүйек 2021                  318894
Жалпықазақстандық ашық диктант

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №271 қаулысымен бекітілген «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 40-тармағын орындау аясында 2021 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Диктанттың тақырыбы – «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!».   

ҚазИТУ колледжінің оқытушылары мен студенттері белгіленген орынға келіп, өздерімен қаламсаптарын дайындап, диктант арнайы әзірленген парақта жазылды. Қазақ тілінде өткен, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығымен келісілген мәтін 2 қыркүйекте сағат 18:00-де жіберілді.

Ашық диктант – мемлекеттік тілді білуге қатысушылардың қызығушылықтарын арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуды мақсат етеді. Республикалық және жергілікті ақпарат құралдарында,  www.assembly.kz сайтында, әлеуметтік желілерде сұхбаттар мен ақпараттар орналастырады.