Главная Новости ҚҰРМЕТТІ БІЛІМ АЛУШЫЛАР!
3 қыркүйек 2021                  319151
ҚҰРМЕТТІ БІЛІМ АЛУШЫЛАР!

«Студенттер үйіне» орналастыру бойынша конкурстық комиссия шешімі дайын болды!

«Студенттер үйне» орналасуға берген өтінімдеріңіздің шешімін www.kazetu.kz сайтындағы «Студенттер үйінің» парақшасында өтінім статусы терезесінде өз жеке сәйкестендіру номерлеріңізді жазу арқылы көре аласыздар!

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің «Студенттер үйне» орналастыру 2021 жылдың 10 қыркүйегінен басталады.

Өтінім статусы бойынша резервке қойылған студенттерге орын «Студенттер үйіндегі» орындар оқу жылы ішінде босаған жағдайда беріледі.

«СТУДЕНТТЕР ҮЙНЕ» ОРНАЛАСУ ҮШІН ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ҚҰЖАТТАР:

•Білім алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
•Электрондық үкімет порталынан алынған COVID-19-ға қарсы вакцинациялау паспорты ( 18 жастан асқан студенттер үшін);
•Флюрография түсірімі:
•3*4 сурет (2 дана);
•Жатақханада тұру үшін төленген төлемақының түбіртегі.
•Кез- келген банктен студент атына ашылған карточка (Пропуск үшін)


СТУДЕНТТЕР ҮЙІНІҢ ТӨЛЕМАҚЫСЫ:

Жылына бір рет жасалатын депозит-20 000 теңге.
Жатақханада 1 айға тұру ақысы - 15 000 теңге.
Студент жатақханада тұру ақысын қыркүйек-қазан айларына (2 айға) және 20000 теңге депозитті төлеп орналасуы қажет.
Төлем Форте банктің кез келген филиалында және kaspi.kz қосымшасы арқылы қабылданады.


Студенттер үйіне орналасуға ордер алған студенттер ыдыс-аяқ, жатын орынға қажетті жабықтармен толық қамтамасыз етіледі.