Главная Новости «Отан – отбасынан басталады» тақырыбында таңғы жаттығу
13 қыркүйек 2021                  318822
«Отан – отбасынан басталады» тақырыбында таңғы жаттығу

Отбасы күніне орай ҚазИТУ колледжі алаңында «Отан – отбасынан басталады» тақырыбында таңғы жаттығу жасалды. Студенттер мен колледж оқытушыларынан құралған топ салауатты өмір салтын қолдайтындарын көрсетіп, белсенділік танытты.

Таңертеңгілік жаттығу адамның ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етеді. Таңертеңгі жаттығу студенттерді сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, қабілеттілігі артады.

Бірқатар зерттеулердің барысында таңертеңгі аш қарынға жасаған жаттығулар адамға энергия беріп, төзімділігін арттыратыны анықталды. Сондай-ақ артық салмақтан арылу үшін де таңғы жаттығу тиімді.