Главная Новости «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Бостандық АІІБ ЖПҚ ЮПБ полиция майоры Әлімбекова Әсел Мергенбайқызымен кездесу
13 қыркүйек 2021                  319016
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Бостандық АІІБ ЖПҚ ЮПБ полиция майоры Әлімбекова Әсел Мергенбайқызымен кездесу

2021 жылғы 13-19 қыркүйек аралығында «Жасөспірім» жедел -профилактикалық іс -шарасы өткізілуде. ЖПШ мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар, қараусыз және панасыз қалған балалар, кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тарту адамдарды анықтау, нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу.

«Жасөспірім» жедел -профилактикалық іс -шарасы аясында 10.03.2021 ж. күні сағат 12:00-13:00-де Бостандық АІІБ ЖПҚ ЮПБ полиция майоры Әлімбекова Ә.М. ҚазИТУ колледжінің 1-2-3-4 курс студенттерімен «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында Бостандық АІІБ ЖПҚ ЮПБ полиция майоры Әлімбекова Әсел Мергенбайқызы қазіргі таңдағы қоғамның алдында тұрған баста міндеттердің бірі - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстың өсуіне жол бермеуіне жұмыс жасалынып жатқанын айтып жеткізді. Бүгінгі таңда өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отырғандығы жайлы және тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескертіп, бұл аса өткір мәселе екендігін түсіндірді. Студенттер тарапынан шақырылған қонаққа тақырыпқа байланысты сұрақ қойылып, қанағаттанарлық жауап алынды.