Главная Новости «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында спартакиада
13 september 2021                  318911
«Дені саудың – жаны сау» тақырыбында спартакиада

«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Спорт адам өмірін ұзартады деген сөзді де жиі естуге болады. Спорттың адам өміріне көп пайдасы тиетіні сөзсіз. Сондықтан да адам баласы спортты жанына серік қылу керек. 

Осы мақсатта ҚазИТУ колледжінің студенттері арасында «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында спартакиада өтті. Қызу жарыс пен әртүрлі кезеңдерден тұрған ойынға үш команда қатысып, үздік ойын көрсетті. Белсенділік танытып, жылдамдық пен тактиканы көрсете білген «82лер» командасы 1-орынға ие болды, 2-ші орынға ұпай саны жағынан тең түскен «Сұңқар» және «Қыран» командалары ие болды.

Қатысып, колледжіміздің қоғамдық өміріне белсене ат салысып жүрген барлық студенттерімізге Алғыс білдіреміз!