Главная Новости Жастар ісі комитеті кастинг өткізді
14 september 2021                  318831
Жастар ісі комитеті кастинг өткізді

ҚазИТУ колледжінің «Жастар ісі комитетінің» ұйымдастыруымен ұйымға қабылдау кастингі өтті. Кастингтің 1-ші айналымына сауалнама жолдау арқылы 105 студент қатысып, оның  ішінен 50 студент 2-ші айналымға өтті. Нәтиже бойынша 105 студенттің ішінен топ жарып, өз өнерлерімен қатар, белсенділіктерін көрсете білген 15 студент ұйымға мүше болып қабылданды.

Ұйымға қабылданған студенттерімізді құттықтай отырып, алдағы уақытта оқуда озат болып, белсенділік танытуларын күтеміз!