Главная Новости «Жақсылық – жан жадыратады» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
15 қыркүйек 2021                  318853
«Жақсылық – жан жадыратады» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Адалдық, адамгершілік, мейірбандық тағы да басқа жақсы қасиеттермен қоса адам бойындағы ізгіліктің ең биік нүктесі – жаныңдағыларға жақсылық жасай білу. Бойыңдағы жамандықты, арам ойды еңсеріп, жақсылыққа жеңдірудің өзі оңай іс емес. Әр адамның бойында өзіне деген махаббаттан әлемге, адамзатқа деген махаббат жоғары тұрса, оның адамгершілігі болмақ.

Осы орайды ҚазИТУ колледжінің Жастар ісі комитетінің «Хэлперы» қайырымдылық клубының ұйымдастыруымен «Жақсылық – жан жадыратады» тақырыбы аясында жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеде студенттер өздері дайындаған әртүрлі тағамдар сатылып, жиналған сумма қарттар үйіне жіберілетін болды.

Жақсылық жасау үшін қыруар қаржы мен мыңдаған сағаттың қажеті де жоқ. Сондай-ақ жақсылық ұлт пен ұлысты, дін мен ділді талғап-таңдамайтынын да ұмытпаған абзал. Бастысы бойыңызда кішкене болсын ізгіліктің нұры болса болғаны.