ҚазИТУ колледжінің футбол алаңында Алматы қаласы күніне орай, салауатты өмір салтын ұстану, спортқа деген қызығушылықты жетілдіру мен спорттық ойындарды дамыту мақсатында студенттер арасында кіші футболдан жарыс өтті.
Арнайы ұйымдастырылған жарысқа 1-2-3-курс студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген әр адамның денсаулығы жақсы болады. Сол себепті спорт денсаулық кепілі екенін ұмытпайық!