Главная Новости «Жастар жемқорлыққа қарсы!» тақырыбында бейнеконференция өтті
17 september 2021                  318847
«Жастар жемқорлыққа қарсы!» тақырыбында бейнеконференция өтті

ҚазИТУ колледжінде «Жастар жемқорлыққа қарсы!» тақырыбында бейнеконференция өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңесінің жетекшісі Токушев Қайыржан Ахметбекұлы шақырылды. Бейнеконференцияға ҚазИТУ колледжінің оқытушылары мен студентері қатысты.

Бұл кездесудің мақсаты: қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне теріс қарым-қатынасты қалыптастыру, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу. Осы мәселеге қатысты креативті ойлайтын, білімді, өз пікірі мен нық ұстанымы бар тұлғаларды тәрбиелеу.

Кездесу барысында студенттер мен оқытушыларға жемқорлық сияқты қоғамға жат мәселені талқылай келе, жемқорлықпен бірігіп күресу керектігін және бұл ретте жастар негізгі қозғаушы күш екендігін атап өтті.

Қорыта келе, кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңдардағы өзгерістердің негізгі ережелері талқыланды. Осы мәселе бойынша алда көптеген жұмыстар атқарылу керек екендігін түсіндірді.