Главная Новости «AlmaFest-2021» студенттік фестивальі өтті.
18 қыркүйек 2021                  318924
«AlmaFest-2021» студенттік фестивальі өтті.

17 қыркүйек күні "Студенттер үйінің" тұрғындары арасында қала күніне орай «AlmaFest-2021» студенттік фестивальі өтті. Фестиваль барлық карантиндік шараларын сақтай отырып ҚазИТУ-дың футбол алаңында болды. Фестиваль ұйымдастырушылары шара қыза түсу үшін студенттер үйінің әр қабатының тұрғындары арасында аспаздық шеберліктерін сынады. Студенттер алмадан жасалған тағамдарын ұсынып, тақырыпқа сай торттарды әзірледі. Студенттер әр қабат бойынша командаларға бөлініп: 2-қабат "Мафиозники", 3-қабат "Фестиваль", 4-қабат "Элита", 5-қабат "Комета"өз өнерлерін көрсетті. Апта соңында ұйымдастырылған фестивальда ҚазИТУ-дың қызметкерлері мен студенттерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, шаршаған жандарға керемет атмосферамен демалуға түрткі болды. Фестиваль соңында Жастар саясаты департаменті барлық қатысушыларға "Ең ұйымшыл команда", "Ең позитивті команда", "Ең креативті команда", "Ең белсенді команда" номинациялары бойынша алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ өз өнерімен ерекшеленген "Ең керемет дауыс" номинациясын домбырамен ән салған Керей Жандарбек, "Ең керемет би" номинациясын "Элита" командасы және "Ең ерекше өнер" номинациясын Серікбай Балнұр жеңіп алды. Барлық номинация иелерін құттықтаймыз! Қала күнімен!