Главная Новости Анхальт университетінің (Германия) профессорымен кездесу
18 қыркүйек 2021                  318877
Анхальт университетінің (Германия) профессорымен кездесу

2021 жылдың 17 қыркүйегінде ҚазИТУ ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова бастаған университет басшылығы мен профессор-оқытушылық құрам мүшелері шетелдік университетаралық халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Германияның Анхальт университетінің профессоры Т.Рыспаевпен кездесті. Кездесу барысында ҚазИТУ ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова университетке жалпы қысқаша шолу жасап, білім беру бағдарламарымен таныстырып өтті. Профессор Т.Рыспаевта өз кезегінде Анхальт университетіндегі екі университетте де бар ортақ оқу бағдарламаларының ерекшеліктері мен ұқсастықтарына тоқталды. Оқытушылар өздерінің сұрақтарын қойып, кездесуге белсенді қатысты.
Сөз соңында ҚазИТУ ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова Анхальт университетінің профессоры Т.Рыспаевқа алғыс айтып, Қазақстан мен Германия арасында сапалы мамандар дайындауда екіжақты келісім шарттарға қол қойылып, ескерткішке суретке түсті.