Главная Новости «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» тақырыбында кеш өтті
24 қыркүйек 2021                  318838
«Туған тілім – тірлігімнің айғағы» тақырыбында кеш өтті

Тіл қандай ұлтта болмасын әрқашанда қасиетті де құдіретті. Ол әрбір адамға ананың ақ сүтімен дарып, мәңгілік қалыптасады. Қандай мәдениет болмасын қатынас құралы ретінде де, ұлттың барша болмасы көрінген келбеті ретінде де тіл арқылы жасалған. Тіл арқылы өмір сүреді, ұрпақтан ұрпаққа, заманнан заманға жетіп, ұлттық тұтастықты сақтайды. Сондықтан да тіл адастырмас темірқазық іспеттес. 

22 қыркүйек тілдер күніне орай ҚазИТУ колледжінде «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» тақырыбында кеш өтті. Аталмыш кешке колледжіміздің оқытушылары және студенттері қатысып, қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде өлеңдер  тындап, тіл туралы түрлі деректермен таныс болды.

Тілдер күніне арнайы ұйымдастырылған кешті колледж директоры М.Х. Шалабаева өзінің құттықтау сөзімен бастап, 3-курс студенті Саетбакиева Сайараны «Алтын бесік» әнін орындаса, Кенжебеков Даурен «Ерке сылқым» күйімен елді тәнті етті.