Главная Новости «Мінез – адам айнасы» ақпараттық дәріс
24 қыркүйек 2021                  318905
«Мінез – адам айнасы» ақпараттық дәріс

Студенттердің мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту, мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, Жақсылыққа, сыпайылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатынды ҚазИТУ колледжінің студенттеріне ақпараттық дәріс оқылды.

Дәрісте студенттер жақсы мінезді болуға тырысу керек екенін және көркем мінезді адамдардан үлгі алу қажеттігін, өйткені мінезі жақсы адамның өмірі де жақсы болмақ және ондай адам айналасындағы адамдарға, тіпті еліне үлкен септігін тигізе алатындығын түсінді.  Алаштың ұлы тұлғасы Әлихан Бөкейханов: «Ұлтына, жұртына қызмет ету - білімнен емес, мінезден» деп айтқан.