Главная Новости Бутаковка сарқырамасына саяхат
25 қыркүйек 2021                  318880
Бутаковка сарқырамасына саяхат

27 қыркүйек – Туризм күні. Бұл күннің мақсаты – әр елдегі халықтармен байланыс орнату арқылы туризм саласының әлеуметтік, экономикалық және саяси маңызын арттыру.

Қазақстанда туризм секторы мемлекеттің бірден-бір экономикалық басымдылығы болып табылады. Елімізде туризмді дамытудың негізгі мақсаты қазіргі заманғы жоғары нәтижелі және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, сол арқылы туризм саласын экономиканың бір секторы ретінде әлемдік маңызын арттыру және халықаралық туристік орталықтардан кейін қалып қоймай, ары қарай дамыту.

Осы мақсатта ҚазИТУ колледжінің оқытушылары және студенттері Бутаковка сарқырамасына саяхат жасады. Көтеріңкі көңіл-күй мен түрлі әсер алып қайтқан студенттер сарқырама жағасында тамақтанып, түрлі ойындар ойнап, ән айтып, би билеп, естелік суреттерге түсіп қайтты. Білім алып, сабаққа дайындалумен қатар, салауатты өмір салтын ұстануды қолдаймыз!