«Асмед-2» емханасының дәрігері Молдажарова Н.Е. ҚазИТУ колледжінің студенттеріне коронавирустан қорғану жолдары жайлы онлайн-лекция оқыды.
Жаһандық пандемия кезінде вирус таралуының алдын алудың ең қолжетімді, қарапайым және маңызды тәсілдерінің бірі - қолды сабынмен және сумен жиі жуу керек екендігін түсіндіріп, вирустың таралуын болдырмау жолдарымен таныстырды:
- Түшкіру мен жөтелудің дұрыс әдебін сақтаңыз: жөтел немесе түшкіру кезінде ауызды және мұрынды бүгілген шынтақпен немесе майлықпен қалқалаңыз, пайдаланған майлықты дереу тастаңыз және қолды жуыңыз;
- Бетіңізге (ауызға, мұрынға, көзге) тимеңіз;
- Әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз: қол алысу, құшақтасу немесе сүйісу, бірге тамақтану, бір ыдысты, кеселерді және сүлгілерді бірге пайдаланудан аулақ болыңыз;
- Суық тиген немесе тұмау белгілері бар адамдармен тығыз байланыстан аулақ болыңыз;
- Егер сізде немесе сіздің балаңызда жоғары температура, жөтел немесе тыныс тарылу белгілері болса, уақтылы медициналық көмекке жүгініңіз;
- Вируспен жанасуы мүмкін беттерді барынша жиі тазартыңыз (әсіресе қоғамдық орындарда).
Дендеріңізге саулық тілей отырып, сақтық шараларын ұмытпауларыңызды сұраймыз!