Главная Новости «Отанды сүю – ең ұлы сезім!» тақырыбында кураторлық сабақ
29 қыркүйек 2021                  318879
«Отанды сүю – ең ұлы сезім!» тақырыбында кураторлық сабақ

Әр аптаның бейсенбі күні өтілетін кезекті кураторлық сағаттың тақырыбы отанды сүю, елін жерін құрметтеуге негізделді. Топ кураторлары студенттерге туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталатынын түсіндіре отырып, еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Сондықтан, білім беру саласында өлкентану жұмыстарын жүргізіп, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру қажет екендігін жеткізді.

Отанды сүю дегеніміз – ең ибалы сезім. Отанды құрметтеу, ең алдымен, өзіңді құрметтеуден бастау алады. Өзіңді құрметтеу жақыныңды, өз үйіңді сыйлау екені шындық. Міне, осыдан болар, Отан отбасынан басталатындығы. Патриотизм – адам бойындағы ең қасиетті сезім. Патриотизм - туған еліңді сүюмен қатар, оған қалтқысыз еңбек ету, сол елдің бір бөлшегі екеніңді сезіну.