Главная Студентам Студенческие новости ҚазИТУ Жастар Ұйымдары Комитеті 2018 жылды қорытындылады
26 желтоқсан, 2018ж.                  320972
ҚазИТУ Жастар Ұйымдары Комитеті 2018 жылды қорытындылады
2018 ж. 24 желтоқсан Қазақстан инженерлік- технологиялық университетінде Жастар Ұйымдары Комитетінің 2018 жылды қорытындылау мақсатында комитет белсенділерінің жиыны өтті. Кеңейтілген жиынға университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы мен ЖҰК мүшелері қатысты.

Жиналыс барысында университет ректоры міндетін атқарушы Г.А.Сарсенбекова Жастар Комитетінің осы күнге дейінгі нәтижелі жұмыстарын бағалап, жеткен жетістіктерімен құттықтады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жариялауымен 2019 жыл «Жастар жылы» аясында іске асыратын болашақтағы бастамалары мен еңбектеріне табыс тіледі. Жастар Комитетінің құрамында белсенділік танытып, қоғамдық шараларға қатысып, білім мен шығармашылық тұрғысында өздерін көрсете білген 100 - ден астам белсенді студентті мақтау қағаздарымен марапаттады.

Жастар Ұйымдары Комитеті 2018 жылдың қорытындысы бойынша университетте 100-ден астам түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, қалалық ұйымдарға мүше болды. ЖҰК жылдық жоспары ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңына сәйкес және университет даму стратегиясында айқындалған мақсат-міндеттерге сай негізделген. Негізгі басымдықтар: оқу, ғылым, шығармашылық, студенттік өзін-өзі басқару, салауатты өмір салты, т.б. болып табылады. «KazETU travel» саяхатшылар клубы, «Қамқор» кайырымдылық клубы, «Жас Қаламгер» шығармашылық клубы, «Шабыт» би клубы, хор, вокал студиялары мен спорт түрлері бойынша құрылған клубтар нәтижелі жұмыс жасап, көптеген шаралар ұйымдастырды. Биыл жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы республикалық деңгейде ұйымдастырылып, мерекелік, концерттік шаралар жоғарғы деңгейде өтті. Сонымен қатар бұқаралық ақпараттық құралдары, танымал газет-журнал ұжымдарымен студенттердің кездесу-жиындары жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.

ҚазИТУ белсенділері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында, Астана қаласының 20 жылдық мерекесі қарсаңында «Адал еңбегі үшін» номинациясымен марапатталды.

Белсенді жастар бірлікте болса, бағындырар биік белестері әлі алда екеніне сенімді!

ҚазИТУ студенттік баспасөз комитеті