Главная Новости ҚазИТУ – да жемқорлыққа қарсы флешмоб ұйымдастырылды
04 май, 2017                  320942
ҚазИТУ – да жемқорлыққа қарсы флешмоб ұйымдастырылды
ҚазИТУ-да сыбайлыс жемқорлықпен күрес шаралары тұрақты жүргізілуде.

Іс – шаралар барысында университет студенттері флешмоб ұйымдастырды. 100- ден астам студент бірлесе билеген флешмобтың мақсаты: студенттер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырып, қоғамдағы, университеттегі жалпы қандай да болсын жемқорлық әрекеттеріне жол бермеуге шақыру. Қазақ эстрадасы жұлдыздарының әндеріне қойылған би көңілді әрі әдемі болды. «Жемқорлыққа жол жоқ!»- деп ұрандата билеген жастардың көңіл-күйлері көтеріңкі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- ел дамуына қосқан үлес!» ҚазИТУ жастары да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрып, осы арқылы мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлестерін қоспақ.