Главная Новости ҚазИТУ-да «Үздік эдвайзер-2017» байқауы өтті
15 май, 2017                  318648
ҚазИТУ-да «Үздік эдвайзер-2017» байқауы өтті
12 мамыр 2017 жылы эдвайзер жұмысын қолдау, тәжірибе аламасу және оларды ынталандыру мақсатында Қазақстан инженерлік- технологиялық университетінде тұңғыш рет «Үздік эдвайзер-2017» байқауы өтті.

Байқау ережесі бойынша 1-ші турдан жоғары ұпай жинаған эдвайзерлер кафедра мәжілісінің шешімі бойынша іріктеліп, финалдық кезеңге өтеді. Ақтық кезеңге өткен эдвайзерлер:

1.Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, РЭТ мамандығының 1- курс студенттерінің эдвайзері – Жақанова Сая Рымғалықызы.
2. ҚазИТУ колледжінің РиС 1- курс қазақ тобының студенттерінің эдвайзері – Маемгенова Айгүл Джұмадуллақызы.
3. Экономика және қаржы кафедрасының оқытушысы, экономика және қаржы мамандығы 1 курс студенттерінің эдвайзері Жусипова Макпал Шермаханбетовна
4. Экономика және қаржы кафедрасының оқытушысы, есеп және аудит, қаржы мамандығы 2- курс студенттерінің эдвайзері Кайырбекова Мадина Нурлыбековна.

Байқауға қатысушы эдвайзерлердің жұмыстарын саралап, әділ баға бере білген қазылар мүшелері:

1. Қазылар алқасының төрайымы, университетіміздің ғылым, оқу және тәрбие жөніндегі проректоры Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызы.
2. «Нұр Отан» Бостандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі - Токкожаев Бекежан Бримжанов.
3. ҚазИТУ колледжінің директоры- Шалабаева Майра Құсайынқызы.
4. Эдвайзер кеңесінің төрағасы – Зоржанов Берік Доктарханұлы.
5. Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік кеңестің төрағасы – Атагельдиева Ляйлим Жүнісбекқызы.
6. Студенттер үйінің меңгерушісі-Молдахметова Жанаргул Баяхметқызы.
7. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті заң факультетінің студенттік деканы- Еркебұлан Оразұлы.

Байқауды университет ректоры Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы байқауға қатысушы эдвайзерлерге сәттілік тілеп, құттықтау сөзімен ашты. Одан әрі жалғасқан финалдық сайыс 3 тапсырмадан тұрды:

1. «Эдвайзер студент көзімен» - байқауға қатысушы эдвайзерлер туралы студенттерден алынған сауалнама қорытындысы.
2. Топ (оқу, ғылым, тәрбие саласындағы) жетістіктерін мультимедиялық презентация түрінде таныстыру.
3. Эдвайзердің студенттік тобымен дайындаған шығармашылық жұмысы.

ҚазИТУ-да тұңғыш рет ұйымдастырылған байқау ҚР Президенті Н. Назарбаетың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық құжатындағы мақсат міндеттер мен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналды. Эдвайзерлер топтарымен дайындаған өз шығармашылық жұмыстарында осы тақырыптарды қамти білді. Байқауға 100-ге жуық студент қатысты. Қызықты да тартысты өткен байқауда Бас жүлдемен қатар, «Өнерлі эдвайзер», «Креативті эдвайзер», «Тәжірибелі эдвайзер» номинацияларымен марапатталды.

Байқауға спонсорлық көмек көрсетіп, игі шараға қолдау көрсеткен азаматшалар: Тыл ардагері, ардагер ұстаз, Алтын алқа иегері Төлегенова Нәзікен мен Алматы қаласы бойынша көшбасшы 100 әйелдер қатарына енген Гүлнәр Сарсенбековаға алғыс білдіреміз.