Главная Новости Қазақтың текті қыраны Талғат Бигелдиновтың 95 жылдығына арналған жиын ҚазИТУда өтті
05 август, 2017                  318645
Қазақтың текті қыраны Талғат Бигелдиновтың 95 жылдығына арналған жиын ҚазИТУда өтті
2017 ж. 5 тамызында Қазақтың текті қыраны, халқының бағына туған қаһарман азамат Талғат Бигелдинов 95 жасқа толар еді.

Қазақстан инженерлік иехнологиялық универсиетінде «Ер есімі – ел есінде» атты жиын Кеңестер Одағы батыры атағын екі мәрте алған Талғат Бигелдиновтың 95 жылдығына арналды. Жиынға университет оқытушылары, студенттер мен талапкерлер, ата-аналар қатысты.

ҚазИТУ проректоры Г. Сарсенбекова Т. Бигелдиновтың өмір жолына арналған баяндама жасады. ««Туған жерге туыңды тік» деп халық айтқандай, 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, туған жерін қорғауда көзсіз ерлік көрсеткен Т. Бигелдиновтің өмірі қай ұрпақ өкіліне болмасын үлгі», деп бастады баяндамашы. 305 рет әскери шабуылға шығып, Берлинді алуға қатысты. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат Бигелдинов мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. Соғыстан оралған соң, бейбіт өмірде де еліне аянбай қызмет жасады. Қазақстанның әскери-әуе күштерінде түрлі басқару қызметтерінде еңбек етті. КСРО Жоғарғы Кеңесінің үш мәрте депутаты болып сайланды. 1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосты. 1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітірді. Мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарып, Алматыдағы небір тамаша зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысты. Талғат Бигелдинов табиғат аясында жиі болып, бал арасын, бау-бақша өсірумен айналысты, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты. Алматы қаласындағы ЖОО студенттерімен кездесулерде болып, лекциялар оқыды. 28 панфиловшылар паркінде бірнеше рет патриоттық акциялар ұйымдастырылып, құрметті қонағы ретінде қатысты. Бірнеше университеттің «Құрметті профессоры» атағының иегері.

Бүгінгі күні Талғат Бигелдинов тұрған үйге ескерткіш тақта қойылған. Елбасы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында : «Адам баласы — шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер — әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс¬түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу — шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», деді. Кіндік қаның тамған жеріне, өскен еліне сүйіспеншілік-Патриотизмге тәрбиелеуде өмірі өнегелі Бигелдинов Талғаттай ардақты азаматтарымызды мақтан тұтып, үлгі ету - бәрімізге парыз.