Главная Новости «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық білім сайысы өтті
9 октябрь, 2017                  321030
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық білім сайысы өтті

   Қазақстан инженерлік- теxнологиялық университетінде Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Руxани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында Жастар Ұйымдары Комитетінің ұйымдастыруымен білімді де тапқыр студенттер арасында "ХХІ ғасыр көшбасшысы" интелектуалдық білім сайысы өткізілді. Сайысқа 1-2 курс студенттері қатысты. Қатысушыларға әр кезеңде түрлі сұрақтар, қызықты жұмбақтар мен логикалық сұрақтар қойылды.
   Білімді де ойы ұшқыр студенттер арасынан соңғы кезеңге 3 қатысушы өтіп,нәтижесінде төмендегі студенттер жеңімпаз атанды:
І орын Егінбаева Айзада 1-курс
ІІ орын Әбдіраш Бағдат 2-курс
ІІІ орын Бұрxанбай Нұрила 1-курс
   Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!! Болашақ білімді жастардың қолында. Сондықтан сапалы білім алып, аянбай еңбек етіп "Руxани жаңғыру" жолындағы еліміздің өркендеуіне үлес қосу білімді жастар үшін өте маңызды болмақ.
   

ҚазИТУ студенттік баспасөз қызметі