Главная Новости Студенттердің құқықтық сауатты болуы маңызды
12 Ақпан 2024                  951
Студенттердің құқықтық сауатты болуы маңызды

12 ақпанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында Алматы қаласы, Бостандық ауданының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.

Ғылыми кітапхананың мәжіліс-залында ұйымдастырылған үлкен жиында Алматы қаласы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша ақпараттар жеткізіп, кеңестер берді.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу шаралары бойынша кеңінен талқылады. Бұл семинарды ұрпақ тәрбиесіне ұстаз бен ата-ана ғана емес құқық, тәртіп саласы мамандарының да зор жауапкершілігінің көрінісі десек болады.

Жастарға тек білім беріліп қана қоймай, идеологиялық тәрбие, тәртіп пен талап қатар өрбігенде интеллектуалды мамандар даярланып шығары анық. Осы орайда университетте оқып жатқан студенттерге арнайы өткізілген мұндай құқық саласындағы семинарлардың берері мол.