Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Студенттік ғылым апталығы өтті
14 Ақпан 2024                  576
Студенттік ғылым апталығы өтті

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеттің «Экономика және бизнес» кафедрасы 2024 жылдың 12-16 ақпан аралығында «Экономика және бизнес» кафедрасының «Студенттік ғылым апталығы» аясында студенттік жобалар мен баяндамалардың ЖОО аралық конкурсын өткізді.

«Экономика және бизнес» кафедрасының Студенттік ғылым апталығы 13 ақпанда ғылыми жобалар секциясынан басталды, оның шеңберінде келесі бес бағыт бойынша жобалар тыңдалды:

1. Шағын және орта бизнес жобалары

2. Қазақстандағы туризмді дамыту: мәселелері мен шешу жолдары

3. Тамақтану және оның адам денсаулығына әсері

4. Теріс факторлардың (темекі шегудің) адам денсаулығына әсері

5. Өндірістік қызмет

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеттің ғана емес, Нархоз және «Тұран» университеттерінің студенттері қатысып, барлығы 16 жоба қаралды.

Талқылау нәтижелері бойынша комиссия мүшелері келесі жеңімпаздарды анықтады:

·         I дәрежелі Диплом - Тлеулинова Шырайлым, Читилова Аида, Бақытбекова Балжан, Ниязымбетова Муслима (МИТУ)

·         II дәрежелі Диплом - Рахманов Шахназар (МИТУ)

·         III дәрежелі диплом-Кинаятова Мөлдір (Нархоз университеті)

          

 

Студенттік ғылым апталығының екінші күні, 14 ақпанда үш бағыт бойынша ғылыми баяндамалар секциясы жұмысын бастады:

1. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы

2. Қазақстан экономикасының инновациялық дамуы

3. Маркетингтік қызмет және кәсіпкерлік

Барлығы 13 баяндама тыңдалды, талқылау нәтижелері бойынша комиссия мүшелері келесі жеңімпаздарды анықтады: 

·         I дәрежелі Диплом – Нәби Алина;

·         II дәрежелі Диплом-Давлетхан Нұрай, Абдурахман Аружан;

·         III дәрежелі Диплом – Тайтөлеу Ұлан.

                

Студенттік ғылым апталығының үшінші күні 15 ақпан ғылыми баяндамалар секциясы өз жұмысын үш бағыт бойынша жалғастырды:

1. Қазақстан Республикасында туристік қызметтерді дамыту

2. Қазақстанның банк секторы және оның қазіргі кезеңдегі дамуы

3. Қазақстанның қаржы-есеп мәселелері

Барлығы 13 баяндама тыңдалды, талқылау нәтижелері бойынша комиссия мүшелері келесі жеңімпаздарды анықтады: 

·         I дәрежелі Диплом – Серік Ұлболсын;

·         II дәрежелі Диплом – Андабаева Ардана

·         III дәрежелі Диплом - Хасанов Шахмурад