Главная Новости 9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлықпен күрес күні
30 ноябрь, 2017                  318621
9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлықпен күрес күні
   9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мен мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың 30 қарашасы күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің барлық академиялық топтарында тақырыптық тәрбие сағаттары өтті.   Шараның мақсаты жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құру, студенттер арасында құқықтық сананы қалыптастыру болып табылады. Топ кураторлары мен бірлесе дайындалған бейне материалдар көрсетілді. 2017 жылдан бері қолға алынған жаңа бастамалар туралы ақпарат берілді. Әрбір студенттің бұлжытпай орындайтын құжаты - ҚазИТУ студентінің кодексі – жанқалтада жүретін кітапша деп таныды.   Маңызды тәрбие сағаты «Біз жемқорлықсыз университеттің студентіміз!», деген бір оймен түйінделді.