Главная Новости «Мамандық үздігі – 2017» байқауы
22 ноябрь, 2017                  320993
«Мамандық үздігі – 2017» байқауы
   22 қараша 2017 күні ҚазИТУ колледжінде «1226000 – Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінің технологиясы және өндірісті ұйымдастыру» мамандығы студенттері арасында жыл сайын өткізілетін «Мамандық үздігі» байқауы өтті.



   Байқау екі бағытта өткізілді:
   1.Тағам дайындау;
   2.Үстел безендіру
   Бірінші бағытта байқау бағдарламасы бірнеше кезеңдерден құралды.Сайыскерлердің сырт-келбеті және өз мамандығы туралы білімі бағаланып, теориялық бөлімде сайыскерлер байқауға әзірлеген тағамдарының құрамы және дайындау технологиясымен таныстырды. Тәжірибелік бөлімде тағамның безендірілуі, органолептикалық бағалануы(түсі, консистенциясы, дәмі, иісі), тағам дайындау технологиясын сақтауы, тағамды ұсынуы(тәбеттілігі, тартымдылығы); технологиялық үдерісті ұйымдастыру, қатысушылардың тағамды таныстыруы(атауы, ерекшелігі, құрамы) бойынша бағалау жүргізілді. Тағамдарды дегустациялауға әділ-қазы мүшелерімен қатар барлық көрермендерге мүмкіндік беріліп, дауыс беруге қатысты. Байқауға: бірінші тағам, екінші тағам, тәтті десерт, салат, сусындар ұсынылған болатын.
   Байқау қорытындысы әділ-қазылардың бағалауы және көрермендердің дауыс беруі арқылы келесі нәтижелерді көрсетті:



   Гран-при Қалымбетов Нұрбек (2 курс) – «Үстел безендіру – Жапон стилі», «Жапон бәліші»
   Бірінші тағам:
   І орын Прошин Егор(2 курс) – «Хошлама»
   ІІ орын Нұрланқызы Асанай(2 курс) – «Окрошка»
   Екінші тағам:
   І орын Харченко Егор(4 курс) – «Пісірілген балық»
   ІІ орын Жумалиев Берік (2 курс) – «Француз еті»
   ІІІ орын Григорьев Артур(4 курс) – «Палау»
   Салат:
   І орын Баймат Малика(2 курс) – «Оливье»
   ІІ орын Калымбетов Нурбек(2 курс) – «Асшаяннан жасалған салат»
   ІІІ орын Гайдук Сергей(4 курс) – «Невеста» салаты
   Тәтті десерт
   І орын Шайкин Максим(4 курс) – «Чизкейк»
   ІІ орын Сапар Куляй(2 курс) – «Банан қосылған бәліш»
   ІІІ орын Джанкуразов Нуржан(4 курс) – «Вафли»

Байқауға қатысқан сайыскерлерімізді құттықтаймыз!