Главная Новости ҚазИТУ-да қонақта: «Регистратор» фильмі
16 март, 2018                  318704
ҚазИТУ-да қонақта: «Регистратор» фильмі
«ҚазИТУ жастары айлығы» аясында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде 2018 жылдың 15 наурызында кинотеатр экрандарына 20 наурыздан бастап шығатын «Регистратор» фильмінің актерлары мен режиссері қатысқан кездесу өтті. Фильм авторлары және актерлары Мейржан Туребаев, Медет Аманбаев, Мейірхан Шерниязов қатысқан студенттермен кездесу қызықты, әсерлі болды. Қонақтар «Регистратор» фильмінің түсірілу барысы, қызықты сәттері, жалпы фильм туралы таныстырып, толық ақпарат берді. Студенттер фильм жайында, өнер саласы, жеке шығармашылық, қазіргі «Қазақ кино индустриясы» т.б қызықты сұрақтар қойып, фильммен қатар актерлармен де жақынырақ танысты. Кездесуге қатысқан студенттердің мамандығы инженер-технологтар болса да, жан-жақты өнерге, шығармашылыққа қызығушылығы жоғары студенттер саны өте көп болды. Студенттер қонақтардан ақыл –кеңестер алып,болашақ мамандықтарымен қатар,осы саланы да алып жүруге ниетті екендіктерін білдірді.2 сағатқа созылған еркін пікір алмасу, студенттердің көңілін көтеріп, қонақтарға да жақсы әсер қалдырды.

ҚазИТУ студенттері атынан қонақтарға алғыс білдіреміз! Келесі кездесуді асыға күтеміз!