Главная Новости «Болашақ» - жарқын болашаққа бастар жол!
29 март, 2018                  320997
«Болашақ» - жарқын болашаққа бастар жол!
27 - наурыз Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «ҚазИТУ жастарының айлығы» аясында «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерімен кездесу өтті. . Кездесуге «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алған түлектер: Қожабек Әсемгүл, Нұржан Әбдіразақов, Жасұлан Кушебаев және университетіміздің оқытушылары мен студенттері қатысты.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қаулысымен тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. Түлектер «Болашақ» бағдарламасының оқыту шарттары мен сапасы, жұмысқа орналасу келешегі, стипендия иегері атанудың жолдары, шет елде білім алудың артықшылықтары туралы және келешекте «Болашақ» стипендияты атанғысы келетін студенттерге өз кеңестерімен бөлісті.

Ашық әңгімеге студенттер де белсене араласты. «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқуға түсудің шарттары, шет елде өмір сүру қиындығы туралы көкейде жүрген сұрақтарды қойып, сауалдарына лайықты жауаптарын ала алды.

Қонақтар ең бастысы: алға мақсат қойып, оған жетуге тырысу және ағылшын тілін үйрену керектігін баса айтып, жиналған студенттерге үлкен мотивация сыйлай білді.

Сонымен қатар қонақтар университетіміздегі ағылшын тілі клубының жұмысымен танысып студенттерге сәттілік тіледі. Қазақстанның болашағы жоғары білікті және сауатты мамандардың қолында. Осы тұста «Болашақ» қазақ жастарының жарқын болашағына жол ашатын бірден - бір бағдарлама екені сөзсіз.