Главная Кафедры Социально-гуманитарные дисциплины и мировые языки Новости кафедры ҚазИТУ оқытушылары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
01 июнь, 2018                  318663
ҚазИТУ оқытушылары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы 31.05.2018 ж күні саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына барып қайтты.

Темірбек Қараұлы Жүргенов - Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Қаламы қарымды сыншы-көсемсөз иесі де осы қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаның бірі еді. Өнер академиясында өткен еске алу рәсіміне қуғынға ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, ардагерлер, ҚазИТУ-дың профессор-оқытушылар құрамы қатысып, қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Темірбек Қараұлы ескерткішіне гүл шоғы қойылды.

Осы шара аясында Т.Жүргеновтың туғанына 120 жыл толуына байланысты жазба ақындар мүшәйрасы өткізіліп, жеңіске жеткендер алғыс хатпен марапатталды.