Главная Новости ҚазИТУ ғылыми кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты
18 июнь, 2018                  318709
ҚазИТУ ғылыми кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты
Көрнекті жазушы тарихшы, этнограф, ҚХР мемлекеттік фольклоршылар қоғамының үздік зерттеушісі Зейнолла Сәніктің ұлттық болмыс пен қазақ халқының шығу тегін толықтай қамтитын көп томдық шығармалар жинағы және жазушының аяулы жары Шыңжаң қазақ әдебиетінің алдыңғы толқын өкілінің бірі, ақын Шәмшабану Хамзақызының екі томдық шығармалары жарық көрді. Жақында осы кітаптардың тұсаукесері Астана қаласында болып өтті.

Зейнолла Сәнік . Көп томдық шығармалар жинағы:
Том 4: Қаракерей Қабанбай. Хан батыр Қабанбай.
Том 5: Сүлеймен би. Тарихи эсселер.
Том 6: Тұғырыл хан. Қайрақбай. Демежан.
Том 8: Қазақ этнографиясы.
Том 9: Шалқыма әңгіме-новеллалар, хикаяттары.
Том 10: Із. Биографиялық хикаят.
Том 11: Мақалалар, рефераттар.
Том 12: Мақалалар, рефераттар.
Том 13: Мақалалар,рефераттар. Қазақ емшілігі мен дәрігерлігі.
Том 14: Очерктер, портреттер, естеліктер.
Том 15: Естелік, жазбалар.

Шамшабану Хамзақызы. Екі томдық шығармалар жиниғы:
Том 1: Өлеңдер мен толғаулар, дастандар.
Том 2: Мақалалар мен естеліктер, сұхбаттар.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып жатқан шараға үлкен қолдау көрсеткен ұйымдастырушылар: «Зейнолла Сәнік атындағы қор», белгілі ақын, айтыскер, өнер қайраткері Серік Қалиевке және университетіміздің проректоры Гүлнәр Сәрсенбековаға алғысымызды білдіреміз.

Ғылыми кітапханаға келіп шығармалар жинағымен танысып, оқысаңыздар болады. Есігіміз әрдайым ашық!