Главная Новости Менің мамандығымның құпиясы
06 август, 2018                  321007
Менің мамандығымның құпиясы

«Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу - үлкен өнер»
З.Фрейд



«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» – деп ұлы Абай атамыз айтқандай, əрбір тұлға – жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, əрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры.

Бұл қандай мамандық? Болашақта қандай мамандықты таңдасам? Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана сезімі жетілген əрбір адамды тоғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы сұрақтың жетегінде көп ойланып, толғанып, қиялдап,өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұраққа жауап та таптым. Ол əлем – аспаздық.

Жалпы аспаздық мамандық емес, «3 ай курсын оқып үйреніп аласың»- деп айтатын адамдарға айтатын менің жауабым: аспаз деген өте жоғарғы дəрежелі мамандық. Бұл мамандықтың қиындығы сонда, аспаздықты тек қана оқу арқылы игеріп кете алмайсыз, оған адамның бойында осы керемет мамандыққа деген бейім, тума дарыны болуы керек. Тағамды дəмді етіп дайындау, оның неше түрлі тəсілін білу бір бөлек жəне де аспаздық тазалықты, дұрыс тамақтандыруды үйретіп, жаныңды салудың орны одан да қымбат.

Мен Қазақстан инженерлік-технологиялық университет колледжінің 3 курс студентімін. Мамандығым, əрине аспаздық (технолог). Мен осы оқу орнында сүйікті мамандығымды игеріп жатқаныма қуаныштымын. Керемет аспазшы боларыма күмəнім жоқ. ҚазИТУ колледжінің үздік студенттерінің бірімін жəне терең, жан-жақты теориялық білім берген оқытушыларыма рахметімді айтамын. Мамандығым бойынша кәсіби тәжірибеден өтіп, мамандық таңдауда қателеспегеніме көз жеткіздім.

Технолог мамандығының болашағы өте зор!

Нұрланқызы Асанай